Атырау, 22 желтоқсан 07:56
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Кез-келген жерден қазуға болмайды

1 821 просмотра

«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы (МГӨБ) кәсіпорнына топырақты заңсыз өндіргені үшін айыппұл салынды.

Мақат ауданының прокуроры Жұбан ҚАДЫРОВТЫҢ айтуынша, Доссор поселкесінен үш шақырым жерден қадағалау органының қызметкерлері топырақты өндірумен айналысушы техникаға тап болған. Бұл техника МГӨБ-на тиесілі болып шыққан және жұмыстың бұл түріне рұқсат беретін құжаттары болмаған. Жұмысшылар түсіндіргендей, олар кәсіпорын бастығы орынбасарының өкімі бойынша әрекет еткен көрінеді, ал, орынбасары болса, өз кезегінде МГӨБ бірінші басшысына сілтеп отыр.

Нәтижесінде кеңінен таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісі бойынша, прокуратура кәсіпорынға 453 мың теңге және кәсіпорын бастығының орынбасарына 75 мың теңге айыппұл салған ұйғарым шығарып, облыстық экология басқармасына жолдаған. Бұдан басқа, қоршаған ортаға келтірілген зиян есептелуде. 

Лев ГУЗИКОВ

17 қараша 2011, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.