Жаңа жылдан бастап Қазақстан мен Ресей арасына қатынайтын халықаралық пойыздардың жолақысы арзандайды.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды: «ҚР мен РФ арасына қатынайтын халықаралық бағытта 2016 жылдың 11 қаңтары мен 23 желтоқсаны аралығында билеттердің сатып алу мерзіміне (сатылымның тереңдігіне) байланысты төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған: СВ және купе вагондарға пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін бұрын сатып алса 45 пайыз;
пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз.
Плацкарт вагондарға: пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін бұрын сатып алса 35 пайыз; пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса 25 пайыз».
Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қазіргі уақытта осындай жеңілдіктер жөнінде Өзбекстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның ұлттық тасымалдаушыларымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Биылғы жылдың мамырында осындай жеңілдіктер енгізілген болатын («Ресей бағытына жеңілдіктер»).
Сәуле ТАСБОЛАТОВА