Атырау, 2 мамыр 04:37
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ресей бағытына жеңілдіктер

1 414 просмотра

Image 015 мамырдан бастап «ҚТЖ» ҰК АҚ және «Федеральная пассажирская компания» (РФ) ААҚ бірлесе қалыптастырған, Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық бағытта тікелей жүретін пойыздарда жүру жолақысына жеңілдіктер енгізіледі.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады.

«АВ және купе вагондары санатындағы вагондарға алдын ала билет сатып алуда келесі жеңілдіктер мөлшері белгіленген: пойыз кетуге 45-тен 31 күнге дейін қалғанда - 45%; пойыз кетуге 30 күннен аз уақыт қалса - 35%. Плацкарт вагондар үшін: пойыз кетуге 45-тен 31 күнге дейін қалғанда - 35%; пойыз кетуге 30 күннен аз уақыт қалса - 25%. Жолақы құнының төмендеуі мемлекет ішіндегі елді мекендерге бару үшін бмлет сатып алғанда, сондай-ақ жолаушылардың ұйымдасқан топтары үшін қолданылмайды».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

15 мамыр 2015, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.