Атырау, 13 желтоқсан 04:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Британдықтар білім сапасын бағалады

2 086 просмотра

Атырау қаласындағы техникалық гимназия мен Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық лицей Қазақстан-Британ техникалық университеті жасақтаған рейтингке сәйкес, қазақстандық үздік мектептер ондығына енген.

 

Осынау беделді жоғары оқу орны өздерінде оқитын бірінші курс студенттерінің «Алгебра», «Математикалық талдау», «Физика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Ағылшын тілі», «Экономика негіздері» пәндері бойынша оқу үлгерімдеріне талдау жасап, «Мектепте алған білімнің орнықтылық индексі» деген атаумен жинақталған көрсеткішті жасап шығарды. Қазақстандағы үздік мектептер ондығының қатарында біздің техникалық гимназия мен Ж.Досмұхамбетов атындағы лицей де бар. Дегенмен, бұл білім ордаларының басшылығымен сұхбаттасу барысында бұл тізімге ілігу олар үшін жаңалық емес, жағымды дәстүрге айналғандығы белгілі болды.

- Біздің бұл рейтингке енгенімізге бірнеше жыл болды, - дейді мақтанышпен Ж.Досмұхамбетов атындағы лицей директоры Жолдасқали БИМУРЗИЕВ. – Бұл оқытушылардың да, білімге ұмтылған оқушылардың да еңбегі. Он жыл ішінде 53 үздік алқа иелерін оқытып шығардық. Түлектеріміздің жоғары білім деңгейі ҰБТ кезінде де расталып отыр. Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша еліміздің үздік мектептерінің қатарынан жыл сайын орын алып келеміз.

Қазақстан-Британ техникалық университеті сарапшыларының пікірінше, қазақ-түрік лицейі мен дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінде де балалар жақсы білім алып шығады екен.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 қараша 2011, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.