Атырау, 29 қараша 05:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Теңіздегі оператордың өлімі тергелді

1 907 просмотра

Қаратон-1 вахталық поселкесінің «Іскер» ЖШС өндірістік базасының аумағындағы айырлы жүк тиегіш операторының өліміне байланысты қайғылы оқиға тергелдіТеңіздегі оператордың өлімі»).

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 30 қыркүйегінде компрессорды жүк көлігіне тиеу барысында жүк тиегіш көліктің операторы жүк көлігінің бүйірі мен жүк тиегіштің ортасына қысылып қалған. Алынған зақым салдарынан Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны көз жұмды.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙДЫҢ айтуынша, КамАЗ көлігінің жүргізушісі екі бүйіріндегі бортын ашып қойып, жолдама алуға кетіп қалған. Айырлы жүк тиегіш операторы компрессорды көтеріп, белгі берушінің бұйрығына сәйкес тиеу орнына жақындаған. Жүк көлігінің бүйірлі борттары арасында компрессорды тиеуге кедергі жасаған алмалы-салмалы болат бағана болған. Сондықтан оператор машинаны КамАЗ-дан бір жарым метр қашықтықта тоқтатқан.

Белгі беруші шанақтың платформасына көтеріліп, бағананы түсіріп алып тастамақ болады. Жүк тиегіштің операторы өз бастамасымен, шамасы, белгі берушіге көмектескісі келген шығар, кабинадан түсіп, бағанаға қарай бет алған. Сол кезде жүк тиегіш өздігінен қозғалып, операторды тиегіш пен жүк көлігі бортының арасына қысып тастаған. Зардап шегушіні жедел жәрдем көлігімен ТШО емханасына жеткізеді. Ол жерде зардап шегуші есін жимаған күйі көз жұмды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша «көкірек қуысы мен іші ауыр нәрсемен жаншылу салдарынан механикалық тұншығу нәтижесінде өлген». Комиссия қайғылы оқиғаның басты себебі зардап шегушінің абайсыздығынан болды деген қорытындыға келді. Ол жүк тиегішті тоқтайтын тежегішке қоймай, қозғалтқышы іске қосулы және жүгі көтерілген күйде кабинасынан шығып кеткен. КамАЗ жүргізушісінің әрекеті еңбек және өндірістік тәртіпті бұзу ретінде бағаланды. Тергеу нәтижелері бойынша жұмыс берушінің кінәсі – 30 пайыз, қызметкердің кінәсі – 70 пайыз деп белгіленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қараша 2015, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.