Теңіздегі «Спиди Жолдас» компаниясында соңы өлімге соқтырған жазатайым оқиға орын алды.
Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙДЫҢ хабарлауынша, оқиға Қаратон-1 поселкесіндегі «Іскер» ЖШС өндірістік базасының аумағында орын алған. Компрессорды жүк көлігіне тиеу барысында жүк тиегіш көліктің операторы жүк көлігінің бүйірі мен жүктиегіштің ортасына қысылып қалған. Алған жарақаттар салдарынан Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ