Жылыой ауданының полицейлері оқушы қызға зорлық жасаған педофилді іздестіруде.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 14 қарашада Жылыой ауданының АІІБ-не Құлсары тұрғыны кешкі сағат жетілерде түр-келбеті азиалық, белгісіз ер адам 3-сыныпта оқитын қызын зорлап кетті деген шағым түсірген. Қазір жедел топ қызметкерлері зорлықшыны іздестіруде.
Ал сол уақыттарда аудан орталығында кәмелетке толмаған үш жасөспірімге зорлық жасалғандығы туралы қауесет тараған. Алайда баспасөз қызметі бұл әңгімені теріске шығарып отыр.
Лев ГУЗИКОВ