Атырау, 20 желтоқсан 23:39
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2 993 просмотра

Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тар­мағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 87-баптарына сәйкес қаулы етемін:

1. Төртінші шақырылған Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депу­таттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, мате­риал­дық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 16 қараша.   №175

"Егемен Қазақстан"

16 қараша 2011, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.