Атырау, 27 қараша 13:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Елбасы мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойып, кезектен тыс сайлау 15 қаңтарға тағайындалды

3 130 просмотра

АСТАНА, 16 қараша  – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламентінің төменгі палатасы - Мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойып,  кезектен тыс сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалды. Жарлықтың мәтіні сәрсенбіде ресми БАҚ-тарда жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 87-баптарына сәйкес  қаулы етемін: Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын», - делінген құжаттың мәтінінде.

Заңнама бойынша, мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдеріне «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын», - деген тапсырма берілді. Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өткен аптада мәжілістің бір топ депутаттары мемлекет басшысына, палата депутаттарының өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтатып, кезектен тыс парламенттік  сайлау тағайындауды сұрап үндеу жасады.

16 қараша 2011, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.