Атырау, 23 қараша 16:21
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

95 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

4 714 просмотра

Бүгін Атырау қаласының тұрғын үй қоры Нұрсая ықшамауданы мен Датов көшесінің бойындағы үш коммуналдық үймен толықты. Жаңа пәтердің кілттері бұрын апатты үйлерде тұрған және 30 жыл бойына кезекте тұрған 95 отбасының қолына тиді. Ұзақ 27 жыл бойына пәтер кезегін күткен көп балалы ана, ал қазір әже болған Жамиға ҒҰМАРОВАНЫҢ бүгінде жасы 80-де. Жаңа пәтерінің кілтін алуға ол өзі аяқтай келіпті.

Оның қызының айтуынша, көп жылдар бұрын отбасы Ганюшкин селосынан облыс орталығына көшіп келіп, бірнеше жыл ескі колхоз базары маңындағы тозығы жеткен үйлердің бірінде тұрған. 15 жыл бұрын ол үй күреліп, Жамиға апаның отбасына мекен-жайға тіркелмегендіктен жаңа баспана берілмеген. Содан бері қарай отбасы пәтер жалдап тұрыпты. Ақыры қоныстойға да қол жеткізді. 11 адамнан тұратын отбасы үшін 3 бөлмелі пәтер берілді. Қызы екеуміздің көзімізше Жамиға апа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерінен осындай үлкен отбасына әжей үшін бір бөлмелі екінші пәтерді беруге уәде етілгендігін сұрастырды. Ол бұл ақпарат туралы білмейтінін айтты.

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бүгінде жаңа пәтерлерді кезекте тұрғандар мен Құлманов көшесі, 139/8, Мырзағали Қазірет көшесі, 74, Дүйсен Суесинов өткелі, 33-36 үйлер, С. Датов, 29-33, А. Байжігітова, 74 және Азаттық, 122 мекен-жайындағы күрелген апатты үйлердің тұрғындары алған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суреттерді түсірген В. Истомин

 

15 қараша 2011, 20:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.