Атырау, 19 мамыр 17:40
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Астаналық аудиторды кім ұрлады-2

2 768 просмотра

Астаналық аудиторды ұрлауға қатысты Астаналық аудиторды кім ұрлады?» мақаласын оқыңыз) қылмыстық іс аясындағы тергеу аяқталып, материалдар сотқа берілді. Бұл туралы редакциялық сұранысымызға Атырау қалалсының прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВТЫҢ берген жауабында хабарланды.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 22 шілдесінде ер адам полицияға «Атырау» халықаралық әуежайында бір танысын белгісіз адамдар ұрлап кеткені туралы хабарлап, телефон соққан еді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция 31 және 24 жастағы Атырау қаласының екі тұрғынын ұстады. ҚР ҚК-нің 125-бабы («Адам ұрлау») және 200-бабы («Автомобильді заңсыз иемденіп алу») бойыншақылмыстық іс қозғалды.

Р. Құттықов былай дейді: «18 шілдеде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың ішкі бақылау департаментінің бас менеджері болып жасайтын азамат С. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалындағы (АӨФ) ЖЖМ үшін жаратылатын қаржының жұмсалуын тексеруге Атырауға келеді. Тексеру барысында С. және оның көмекшісі К. 26 тонна жанар-жағар май материалдарының жетіспейтіндігін анықтайды.

22 шілдеде С. мен К. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалына тиесілі «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен халықаралық әуежайға келеді. Сол жердегі автокөлік тұрағында оларға үш белгісіз адам шабуыл жасап, күш көрсетеміз деп қорқытып, ішінде С. отырған көлікті тартып алып, белгісіз бағытқа кетіп қалады. Әуежай алдындағы автотұрақта қалған К. болған оқиға жөнінде полицияға хабарлайды. Қарақшылар С.-ның көзін байлап, қала сыртына шығарып, филиалды тексеру барысында анықталған жетіспеушіліктер жария болса, күш көрсетеміз деп қорқытады. Осыдан кейін олар кетіп қалады, ал С. көзін шешіп, сол көлікпен өзі әуежайға келіп, К. және полиция қызметкерлерімен кездеседі. Осы жерде ол көлік салонынан тексеру құжаттары салынған папканың жоғалғанын байқайды».

Тергеу барысында күдіктілер жауап беруден бас тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қараша 2015, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.