Атырау, 29 наурыз 13:52
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Астаналық аудиторды кім ұрлады?

3 477 просмотра

Image 0Атыраулық полиция адам ұрлау фактісін «ізін суытпай» ашқаны туралы мәлімдегенімен, осы істің жай-жапсары жөнінде ауыз ашар емес.

«АЖ»-ға құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздерімізден белгілі болғандай, астаналық ірі мұнай-газ компаниясының қызметкерін ұрлауға оның өңірлік филиалы басшыларының бірінің қатысы болуы мүмкін.

- Зардап шегуші Атырауға қызметтік іссапарға келіп, филиалда аудит жүргізді және қаржылық-шаруашылық қызметтерінен кейбір бұзушылықтарды тапқан. Осы кезде еңбек демалысында болған бастық өз қызметкерлеріне аудиторды «сөйлесу үшін» әуежайдан ұстап алуды тапсырған, - дейді ақпарат көзіміз.

Оқиғаның зардап шегуші мен директор арасындағы жанжал қайтарылмай жүрген қарапайым ақшалай қарыздан пайда болған деген де басқа нұсқалары бар.

Қалай болғанда да, адам ұрлау жүзеге аспай қалды, зардап шегушілердің таныстары бірден полицияға хабарласты, сол компанияның екі қызметкері ұсталып, бастықтарының жұмсағаны жөнінде айғақ берді. Мәселелерін осылай шешуге үйренген басшының аты-жөнін құқық қорғау органдары айтпай отыр.

- Оның Астанада өте беделді қамқоршылары бар. Істі «жабық күйінде» қалдырып, не болмаса, орындаушыларға жаба салуы мүмкін, - дейді ақпарат көзіміз.

Естеріңізге салсақ, 22 шілдеде полицияға бір ер адам телефон соғып, «Атырау» халықаралық әуежайында оның танысын ұрлап кеткенін хабарлады. Қоңырау шалған адамның айтуынша, екі белгісіз ер адам оның көлігін тартып алып, оған танысы – Атырауда қызметтік іссапарда жүрген астаналықты тапаншаға ұқсас бір затпен қорқытып, зорлап отырғызған.

Полиция Атырау қаласының 31 және 24 жастағы екі тұрғынын ұстап, қамауға алды. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық»), 125-бабы («Адам ұрлау») және 200-бабы («Автомобильді заңсыз иемденіп алу» бойынша тергеу жүріп жатыр.

Азамат МАЙТАНОВ

4 тамыз 2015, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.