БЕЙЖІҢ. Қарашаның 15-і. BNews.kz – Қытайдың орталық бөлігіндегі Аньхой провинциясында шалғайдағы деревнядан Ресей Премьер-министірі Владимир Путиннен айнымайтын адам табылды.
48 жастағы шаруаның 59 жастағы Ресей премьерімен өте ұқсастығын жергілікті газеттің тілшісі байқап қалыпты. Ло Юаньпин есімді қытайлықты деревня тұрғындары енді "Путиннің бауыры" деп атай бастаған көрінеді. Шаруаның өзі бұл есімге қарсы емес, деп хабарлайды РСН.
Айтпақшы, Путиннің "егізі" аяқ астынан танымал болып кеткенін пайдаланып, ыңғайы келсе жар тауып, отбасы құрғысы келеді екен.