Атырау, 5 желтоқсан 00:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.58
€ 549.71
₽ 5.01

Ұшақ қанатындағы сурет

12 930 просмотра

Жуырда бір оқырманымыз Авангард ықшам ауданындағы «Жеңіс» демалыс саябағында тұрған ұшақты суретке түсіріп алғанда бір қызық жағдайға тап болған. Ол сол суретке кейін үңіліп қараса, ұшақ қанатынан көзі жұмулы жауынгердің бет-бейнесіне көзі түседі. «Бұл не деген тылсым?» деген таңғалысын редакциямен бірге бөлісуді шешкен ол суретті әкеліп көрсетті.

Расында да біз де осы суретті бір көргеннен-ақ көзіміз түскен жері – мәңгілік ұйқыда жатқан сарбаздың бет жүзі. Бұл не? Саябақты кезген жауынгердің рухы ма, әлде жәй сәйкестік пе? Әрине, біріңіз мұны фотомонтаж ғой дерсіз. Алайда, бұл ешқандай да монтаж емес. Ұялы телефон арқылы түсіріліп, еш өңделмеген сурет. Біз осыдан соң өзіміз бұрын да көріп жүрген «Жеңіс» саябағына барып, ұшақтың екі қанатына көз жүгірттік. Жасыл бояудан сурет салып қойған біреу бар шығар деп едік, жоқ, олай болмай шықты. Ұшақ сыртында балалардың бірді-екілі жерінде сызып тастаған шимай-шатпағынан басқа ештеңе көрінбейді. Ұшақтың майысқан жерлері арқылы күнге шағылғанда пайда болған бейне болар деген ой да келген. Бірақ қалай десек те, тылсым әлемді кей ғалымдар фотокадрлар көмегімен зерттеуі тегін емес. Олар бұл жалғанда жаны жәй таппаған рухтардың кезіп жүретінін сөз етеді. Олардың тұрақтап қалатын өз аймақтары болады дейді зерттеушілер. Осындайда суретке түсіріп жүргенде кадрға сақталып қалған тылсым бейнелер бір нәрсені аңғартады екен. Бірақ, тылсымның аты – тылсым. Оны терең қазбалап, түбіне жеткен жан табылмас.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.