Атырау, 4 қазан 17:47
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Мерседесті» Интерпол іздестіруде

2 579 просмотра

Атырау облысы кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы және ҰҚКД қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1999 жылы шыққан ақ түсті «Mercedes Benz Vito» автокөлігінің Қазақстанға контрабандалық жолмен әкелінгендігі анықталды.

«Бұл автокөліктің республика аумағына 2005 жылы әкелініп, Қызылорда облысының жол полициясы есебіне алынып, Е.К. деген азаматтың атына тіркелгендігі, мемлекеттік нөмір алғандығы белгілі болатын. Жол полициясына есепке алу барысында жүк кедендік декларациясы ұсынылған, одан кейін автокөлік сатылып, Ақтөбе облысының жол полициясы есебіне жаңа қожайынының атына  және басқа мемлекеттік нөмірдің берілуімен алынған. Жүк кедендік декларациясының «Мерседес» автокөлігіне емес, 1996 жылы шыққан «Ниссан максима» автокөлігіне берілгендігін айта кету керек,-деп әңгімелейді Атырау облысы кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Жанар БАЙҒАЛИЕВА. «Мерседес» одан әрі тағы да сатылып, Құлсары қаласының жол полициясы органына есепке алынған. Артынан тағы да екі қожайынды алмастырып, Атырауға, өзінің ең соңғы иесінің қолына түседі. Ол көлікті бас сенімхат арқылы рәсімдеген екен. Сот-трассологиялық сараптама автокөлік кузовының идентификациялық нөмірінің өзгертілгендігін анықтап, оның алғашқы идентификациялық нөмірін ажыратып алған».   Атырау облысы ІІД ақпаратты-техникалық қызмет басқармасынан алынған анықтамаға сәйкес, бұл машина 2004 жылдың желтоқсанынан бері Интерпол орталық бюросында іздестіру жарияланған көліктер тізімінде болып шықты. Сараптама қорытындысы бойынша мұндай машинаның нарықтық құны шамамен 2 млн теңге. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, жауап алу жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 қараша 2011, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.