Атырау, 23 қараша 16:02
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол полициясы өзара түсіністікке сенім артады

3 946 просмотра

14 қарашада елімізде жол-көлік оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күніне арналған Жол қозғалысының қауіпсіздік аптасы басталды.

Бұл акция БҰҰ қамқорлығымен жүргізіледі және қараша айының әрбір үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Облыстағы автоинспекторлар оған алдын ала дайындалған. Жүргізушілерге ақ ленталар мен жаяу жүргіншілерге фликерлер таратыпты. Ескерткіш лентаны артқы көріністі көрсететін айнаға тағу керек. Ал фликерлер – арқақоржынға немесе қандайда болмасын киімге тағуға болатын кішкентай белгілер немесе жапсырмалар. Олар қараңғы кезде жарық шағылыстырып, жаяу жүргіншіні көруге мүмкіндік береді. Осындай белгілерді шығарушылар растап отырғандай, фликері бар адам 400 метрге дейінгі қашықтықта келе жатқан көліктің жарығымен байқалады екен. Жол сақшыларына форма киген жол қозғалысының жас инспекторлары қол ұшын берді.

Сәрсенбі күні, 16 қарашада Өзара түсінісу күні өтеді деп жоспарланып отыр. Жүргізушілер ұсақ заң бұзушылықтар үшін жазаланбай, тек ескертумен шектеледі. Әрине, шектен шығудың қажеті жоқ, жол-көлік оқиғасын өрескел бұзуға (рөлді мас күйде жүргізу, қызыл шам жанып тұрғанда өтіп кету, апатты жағдай жасау және т.б.) қатысты өзара түсіністік акциясы қолданылмайды.

Шараларға мектеп оқушылары, студенттер, автомектеп оқушылары жұмылдырылды. Шараның соңғы күнінде әлдебіреулердің алаңғасарлығының және ұшқалақтығының нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезінде быт-шыт боп майысқан көліктер тиеген жүк көліктері сап түзеп өтеді деп жоспарланып отыр.

ІІД ЖПБ ұйымдастыру-аналитикалық тобының аға инспекторы Арман МЕҢДАЛИЕВТІҢ айтуынша, биылғы жылдың 10 айы ішінде 172 жол-көлік оқиғасы орын алған, 74 адам қаза тауып, 159 адам зардап шеккен.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

15 қараша 2011, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.