Атырау, 23 қараша 15:50
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнай және газ институты: тоқтатылған оқу процесі емес, лицензия ғана

8 997 просмотра

12 қарашада Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің сайтында жоғарғы оқу орны лицензиясы мерзімін 6 айға тоқтату туралы Атырау институты студенттерінің дегбірін кетірген ақпарат жарық көрді. Сондай-ақ, «Атырау мұнай және газ институты» республикалық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорнына (РМҚК) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 311-1 бабының 4-6-тармақтары мен 357-2 бабының 1-тармағына сәйкес, 190 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынғаны хабарланды.

Кейін анықтағанымыздай Атырау мұнай және газ институтына 18-22 қазанда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарының сақталуына тексеру жүргізілгендігі белгілі болды. Комиссия «1.Білім қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бұзу, 2. Жоғарғы кәсіби білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау ережелерін бұзу, 3. Жоғарғы кәсіби білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының типтік ережелерін бұзу, 4. Білім ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау ережелерін бұзу» фактілерін анықтаған.

«Атырау мұнай және газ институты» РМҚК проректоры Гүлжан ОРАЗОВАНЫҢ айтуынша, институтта бұрынғыша жұмыс жүріп жатыр, бұл тек аралық аттестация бойынша берілген ескерту ғана екен.

- Бұл оқу процесі мен РМҚК қызметіне әсер етпейді. Студенттер оқуларын жалғастыратын болады. Биылғы жылдан бастап барлық жоғарғы оқу орындарына қатысты талап бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұл салынады, сондай-ақ, 6 ай мерзімге лицензияны тоқтату секілді шаралар алынады. Осы ескертпелердің барлығын 3 ай ішінде жоямыз деп үміттенемін,-деді ол оқу орнындағы жағдай туралы.

Сәния ТОЙКЕН

15 қараша 2011, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.