Атырау, 14 желтоқсан 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.49
€ 547.88
₽ 5.06

"Халифат сарбаздары" Тараздағы жарылысқа жауапкершілікті алды

3 742 просмотра

Қазақстанның ҰҚК-нің шекаралық қызметі Тараздағы террорлық актілерден кейін Қырғызстанмен шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр.

Хабарларға қарағанда, қауіпсіздік жағдайлары елдің басқа да аймақтарында, оның ішінде Астанада күшейтілген.

Сенбі күні Тараздағы жарылыс пен атыстардан бес полицияны қосқанда жеті адам қаза тапты. Жихад жариялау идеясын ұстанған 34 жастағы жігіт соңында өзін жарып жіберді деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Тағы екі полиция қызметкері оқ тиіп жараланған. Бұл оқиғаға қатысты терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі өз бақылауына алған. Тараздағы жарылысқа да жауапкершілікті "Халифат сарбаздары" тобы алып, мұндай шабуылдар жалғаса беретінін мәлімдеді деп ақпарат DPA агенттігі хабар таратты.

Тараздағы қантөгіс соңғы екі аптада болып отырған екінші террорлық жарылыс. 31-ші қазанда Атыраудағы облыстық әкімшілік ғимаратына жақын жерде жасалған екі жарылысты "Халифат сарбаздары" исламшыл тобы өз мойнына алып, бұл Қазақстанның дін туралы заңына қарсылық деген еді.

"Азаттық радиосы"

14 қараша 2011, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.