22 шағын ауданында тұратын және жұмыс істейтін Ақтау тұрғындары бүгін таң ертеңнен бері жұмыстарына, сабақтарына және үйлеріне кіре алмай отыр: іс жүзінде бүкіл шағын аудан әскер және полициямен қоршауға алынған, деп хабарлады жұмада жергілікті БАҚ.
Қоршаудың ішіне тек ТЖМ, полиция және ішкі әскер көліктері ғана өтуде.
«Полицияның жоғары шендерінің шоғырлануына қарағанда, бұл әрекеттердің орталығы орта мектеп болып табылады», - деп жазады «Лада» аймақтық газеті.
Агенттікке әзірге құқық қорғау органдарының түсінігін алу мүмкін болмады.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, шағын ауданда полиция, ҰҚК және ішкі әскердің бірлескен оқу жаттығулары өтуде.