Атырау, 25 тамыз 04:06
 дождьВ Атырау +24.5
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

Каспийдегі балықшылардың барлығы құтқарылды

2 228 рет қаралды

Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің нақтылаған мәліметтері бойынша, 9 қарашада Каспий теңізінде ауа райының қолайсыздығынан тұтқындарға айналған балықшылардың барлығы - жалпы саны 64 адам құтқарылған.

– Тергеу барысында балық аулау кәсіпорындарының балықшылары дауыл тұрады деп ескерту жасалғандықтан балық аулауға шықпай қалғандығы анықталды, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Самал АБИРОВА.

Кеше таңертең Атыраудан құтқарушылар мінген тікұшақ шығуы тиіс еді. Алайда ауа-райының қолайсыздығы салдарынан ол кейінге қалдырылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

 Фотосурет Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен алынды

11 қараша 2011, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.