Атырау, 5 қараша 04:44
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Ильичтің үсті тазарып қалды

3 064 просмотра

7 қарашада Тұрғын үй қалашығында жергілікті коммунистер Октябрь революциясының 94 жылдығын атап өтті.  Мереке әдеттегідей халық аузында «Ленин аллеясы» деп  аталып кеткен аллеядағы  Владимир Ильичтің ескерткіші алдында өтті.

Соғыс және еңбек ардагерлері ескерткішке  алқызыл қалампыр гүлдерін қойды. «Адал лениншілдердің» үндеспеген хоры орындаған революциялық «Смело, товарищи, в ногу!»  маршының әуенімен он шақты жас жігіттер мен қыздар партия билеттерін алды. Мереке  дәстүрлі митингісіз болмады. Митингіде сөз алған Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы жергілікті филиалының басшысы Жаукен КӨШЕНОВ Ильич ескерткішін жуып, тазалаған атыраулық коммунистерге алғысын білдірді. Жиналған қарттар өздерінің жас күндерін «бұрын былай болған еді» деп сағынышпен еске алды.

Бүгінгі күні Атырау облысында ресми түрде үш мыңнан аса коммунистер бар екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген  В. Истомин

Айтпақшы, әлем пролетариаттары көсемінің сол жақ бәтіңкесі атырулықтар үшін жай ғана шойын кесегі болып есептелмейді. Егер оған қолыңды тигізер болсаң, онда сенің барлық арман-тілегің орындалатын болады. Өкінішке орай, коммунистер әбден жылтырап біткен бәтіңкенің тұмсығын қара бояумен бояп қойған, алайда, ол ұзаққа бара қоймас.

10 қараша 2011, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.