Атырау, 15 наурыз 13:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Астрахан тас жолындағы апат

2 519 рет қаралды

Қарашаның 3-і күні қас қарайған шақта Исатай ауданында көлік апатынан екі адам қаза болды.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, шамамен сағат 23.00-де Атырау-Астрахан тас жолында Манаш селосының маңында ВАЗ-2112 жүргізушісі ГАЗ-3308 көлігімен қарама-қарсы соққан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «Жигулидің» 1985 жылғы жүргізушісі мен сол көліктегі 36 жастағы жолаушы оқиға болған жерде бірден көз жұмды. Түрлі ауырлықтағы жарақат алған ВАЗ жолаушылары 4 жастағы баласы бар 34 жасар әйел және 26 жастағы ер адам, сондай-ақ, жеке басы әзірге анықтала қоймаған тағы бір жолаушы ауруханаға жөнелтілді.  

Лев ГУЗИКОВ

10 қараша 2011, 19:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.