Атырау, 6 қазан 21:56
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тас жолда тікұшақ кезекшілік етеді

2 130 просмотра

Облыстық әкімдікте болған мәжілісте ТЖ жөніндегі департамент бастығы Болатбек ОМАРОВ жыл басынан бері 400-ден аса төтенше жағдайлар тіркеліп, 55 адамның қаза болғандығын және олардың көпшілігі жол-көлік оқиғаларына қатысты екендігін хабарлады. 

Б. Омаровтың айтуынша, департамент қызметкерлеріне өртеніп жатқан машиналардан адамдарды алып шығу үшін арнаулы жабдықтар қажет көрінеді.

- Астанада осындай жағдайлар үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған апатты-құтқару отряды бар. Ондай жабдықтар бізге де өте қажет.

Облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ Омаровқа  «D» аралында тұрақты қызмет үшін қызметкерлер штатын бөлуді ұсынды:

- Оларда ведомстволық қауіпсіздік қызметі бар, алайда, онда біздің де өкілдеріміздің болуы тиісті, олай болмайынша олар бізден қандай да бір фактілерді жасырып қалуы мүмкін.

Жылыту маусымы басталғалы бері газдан уланып қаза болғандар мен зардап шеккендер саны күрт өсіп кетті. Осындай қайғылы оқиғалардың маусымдылығы жөнінде Астанада айтылды жәневице-премьер Өмірзақ ШҮКЕЕВТІҢ тапсырмасы бойынша бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жанындағы тұрғын үй инспекциясына кіретін газ инспекциялары құрылуда.

ТЖ департаментін қысқы уақытқа тарату жөніндегі мәселе жеке қаралды. Омаровтың айтуынша, негізінен күртік қарлар республикалық маңызы бар Астрахан – Ақтөбе, Атырау – Орал, сондай-ақ, Атырау – Құлсары – Теңіз, Индер – Қарабау – Миялы, Атырау – Доссор – Сағыз тас жолдарына қауіп төндіреді. Ол жерлерде күртік қардың ұзындығы  60 шақырымға дейін жетеді.  Ол осы тас жолдар бойынан телефон байланысымен қамтамасыз етілген 17 жылыну қосындарының құрылғандығын хабарлады. Ал, ҚР ТЖМ 2013-2014 жылдарда біздің аймақта толық жарақтандырылған, жекелей алғанда тікұшақпен қамтылған тас жол бойындағы медициналық-құтқару қосындарын құруды жоспарлап отыр. Олар: Талдыкөл селосы, Көктоғай (Атырау – Орал тас жолы), Байшақ учаскесі,  Забурын селосы (Атырау – Астрахан), Бекбике учаскесі,  Майкөмген учаскесі (Атырау – Доссор – Құлсары).

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

10 қараша 2011, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.