Атырау, 26 желтоқсан 17:42
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Террорға жол жоқ

2 082 просмотра

Қарашаның 4-і күні Кәсіпкерлер одағында  қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен бизнесмендер бас қосты. Олар қазанның 31 күні Атырауда орын алған терактілерге байланысты облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің  аймақтағы жағдай туралы  үндеуін талқыға салды.

Дөңгелек үстел модераторы Әлия БЕКҚОЖИЕВА жиналғандарды облыс әкімі үндеуін қолдап, терроризммен күресті күшейтуге шақырды. Оның айтуынша, әр мекеме  бейнекамералар орнатуға үлес қосса мұның өзі де үлкен сеп.

- Жарылыс болып, одан  бүкіл ғимаратты жоғалтқанша 2-3 мың доллар төлеп камера орнатқанымыз абзал,- деді Әлия Бекқожиева.

«Заман» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Әсел НҰРҒАЗИЕВА дөңгелек үстелге қатысушыларды терроризмге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғандарға қатысты асығыс шешім қабылдамауға шақырды:

- Кінәсіздік презумпциясы дегенді ескере отырып, сот шешімін күтуіміз қажет.

Кейбір кәсіпкерлер әңгімені алдымен әркімге өз ұжымынан бастауды ұсынды.

- Әр ұжымда дәстүрлі емес дінді ұстанатын адамдар болуы мүмкін. Бұл әрине әркімнің жеке ісі, бірақ біздің олармен сөйлесуіміз қажет, - деді «Атыраупромвентиляция»  ЖШС директоры Махмұд РАМАЗАНОВ.

Оның сөзін «Феникс ИСА» ЖШС директоры Дүйсенбек ИСМАҒҰЛОВ құлшына қолдады.

- Соңғы жаңалықтар мені таңқалдырады. Ешуақытта қазақ әйелдері хиджаб киген емес. Бұл Пәкістанда ма, басқа жер де ме, ол басқа мәдениет. Біздің далада әр уақытта демократия болған. Егер жапан түзде әйелдер еркектерді қолдамаса, олар баяғыда құрып кеткен болар еді.

«Каспий табиғаты» қоғамдық ұйымының жетекшісі Махамбет ХӘКІМОВбарлық діндарларды сөгудің қажеті жоқ деп санайды. «Өйткені, біз өзіміз дінді жақсы білмейміз».

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар  қалай болғанда да кез-келген адам террорға жол жоқ деген шешімді жауабын айту қажет деген тоқтамға келді.

Сәния ТОЙКЕН

10 қараша 2011, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.