Атырау, 11 желтоқсан 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«Қалжың» қоңырау

2 353 просмотра

Полицейлер Құрбан айт кезінде құрбандыққа шаламыз деп қызды қорқытқан телефон бұзақыларын анықтау операциясын жүргізді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, 6 қараша күні қала тұрғындарының біріне қоңырау шалынып, белгісіз біреу айт мерекесі кезінде оны құрбандыққа шалатынын айтқан. Полицейлер мұның Махамбет ауданынан түскен қоңырау екендігін анықтайды. Қыздың қаладағы колледждердің бірінде оқитын танысы Махамбет ауданына қонақтыққа барған кезде, 12 жастағы жиеніне осы қоңырауды шалуды өтініп, содан соң SIM-картасын лақтырып тастаған. Полицейлерге бұзақыларды анықтау қиынға түспеді. Олармен тәртіп сақшылары алдын алу әңгімелерін өткізді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қараша 2011, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.