Атырау, 10 желтоқсан 00:57
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Мұз тұтқынына айналған балықшылар

3 332 просмотра

Каспийде апатқа ұшыраған 60 балықшыны кеше Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері құтқарып қалды. Тағы 40 шақты балықшы мұзға құрсанған қайықтарда олардан көмек күтіп отыр.

Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Болатбек ОМАРОВ хабарлады. Кәсіпшілікте жүрген балықшылар ауа-райының күрт өзгеруі салдарынан табиғат апатының тұтқындарына айналды. Бір түннің ішінде бударалар мен балық тиелген қайықтарды мұз құрсаулап тастаған. Су тайыз болғандықтан және мұз қатқандықтан (мұздың қалыңдығы 10 см-ге дейін жеткен) құтқару жұмыстарына Казавиаспас пен «Абылай-хан» ЖШС тікұшақтары жұмылдырылған.

«Абылай-хан» ЖШС директоры Еркін КӨШӘЛИЕВТІҢ айтуынша, балықшылар ауа-райының қолайсыздығына жексенбі күні қатты аяз тұрған уақытта тап болған. Мұз құрсауында қалған балықшыларда жылымықтың түсуін күтуден басқа амал қалмаған. Алайда күннің жылынбайтыны белгілі болып, күшті жел көтеріліп, мұзға құрсауланып қалған бударалар мен қайықтарды сындырып, қирата бастаған кезде, балықшылар дабыл қаға бастаған.

Табиғат тұтқындарына айналғандар «Абылай-хан» ЖШС-нің, «Тілекшi» ЖШС-нің, «Каспий таңы» ӨК, «Амангелді» ӨК, «Ракуша» ӨК балықшылары болып шықты.

Құтқарылған балықшылар әкелінген Пешной жартыаралына ең қажетті заттар салынған автобус жіберілді. Б.Омаров сендіргендей, бүгін таңертең балықшыларды іздеу және оларды құтқару жұмыстары жалғасатын көрінеді. Қазіргі уақытта құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Фотосуреттер Атырау облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен алынды

10 қараша 2011, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.