Атырау, 29 желтоқсан 23:02
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ажал төндірген апандар

2 056 просмотра

Индер ауданының Елтай селосында су жүргізу үшін салынған құдықтардың біріне бес жасар қыз түсіп кетті. Баланың әке-шешесі  құзырлы орындарға арызданып отыр.

Құдық мектепке  өте жақын орналасқан.  Ауыл балаларының  көбі осы көше арқылы мектепке барады. Жұпардың әкесі Саламат Каукеновтың айтуынша, анасымен күндіз келе жатқан қыз ауылдағы ашық-шашық жатқан құдықтың біріне түсіп кеткен. Сол жерде оташының көмегі қажет болғандықтан аудан орталығына жеткізілген.

 - Мен бұл жайды аяқсыз қалдырғым келмейді, сол себептен аудандық ІІБ-ге арыз түсіргім келіп отыр. Көше толған құдықтар төрт, бес айдан бері ашық күйде жатыр және біраз адам мен мал түсті. Құдай сақтап бәрі аман, егер басқалай жағдай болса қайтеді, - дейді Елтай селосының тұрғыны Саламат КАУКЕНОВ.

Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері Анар ДОСПАЕВАНЫҢмәлімдеуінше, қыз балаға дер кезінде көмек көрсетілген.

Бұдан бұрын «АЖ» газетінде «Ақ бұлақ» бағдарламасына орай су жүргізумен айналысып отырған «Снабойлстрой» ЖШС (директоры Айгүл Бейсебекова) жұмысы жайлы жазылған болатын. . Одан кейін жағдай өзгергені шамалы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қараша 2011, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.