Атырау, 26 желтоқсан 21:49
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Дәнекерлеушілер шеберліктерін сынға салды

5 731 просмотра

Атырауда өткен республикалық «Дәнекерлеуші мамандығы бойынша өндірістік оқудың үздік шебері» конкурсының бас жүлдесі оңтүстік қазақстандық Ермұхан ӘЛІМБЕКОВКЕ бұйырды. Атыраулық Нұрлан СҮЙІРҒҰЛОВ екінші орынды місе тұтты.

Жастардың көпшілігі жақсы жұмысқа орналасу болашағы бұлдыр боп келетін «міндетті» жоғарғы оқу орнында оқып, ата-аналардың қалтасын қаққанша, жұмысшы кәсібін таңдап, дұрыс ақша тапқан жақсы екенін ұғынатын болыпты. «Соңғы бірнеше жылда кәсіптік-техникалық колледждер мен лицейлерде конкурстар көбейіп кеткен. Мұнай саласындағы техникалық мамандықтар: газбен-электрмен дәнекерлеушілер, тұрба монтаждаушылар, КИП мамандары, электриктер кең тараған мамандықтарға айналған, - дейді облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Шәкіржан МЫРЗАБАЕВ. – Қыздар қызмет көрсету саласында аспаздықты, тігіншілікті таңдайды. Осы сала қызметкерлері үнемі қажет және олардың еңбектері жақсы төленеді».

Жұмысшы мамандығының танымал болуына кеңес дәуіріндегі қалыптасқан дәстүрлерге деген сағынышқа толы осындай сайыстар септігін тигізіп жатады. Кеңестік кәсіптік-техникалық білімді дүние жүзі мойындаған болатын. Оның тәжірибесі бүгінгі күні де шетелдерде қолданылады. АҚШ-қа кәсіптік білім алу жүйесімен танысуға барған білім беру басқармасының басшылығы бұған көз жеткізіп қайтқан еді.

№6 Атырау кәсіптік лицейінің базасында өткен республикалық конкурсқа өз аймақтарында үздік деп танылған 15 шебер қатысты. Қазылар алқасында жұмыс берушілер: Қазақстан дәнекерлеушілер ассоциациясының өкілдері, «Ақтау тренинг орталығы» ЖШС,  «Биоген-Инженеринг лимитед» ЖШС, «Атамекен одағы» ҰЭП және т.б. болды. Әр қатысушы мұнда әріптестері үшін шеберлік сабақтарын өткізіп, өз жұмыстарының көрмесін ұсынуы тиіс. Айтпақшы, осы тапсырмаға конкурсқа қатысушылар жақсы дайындалыпты. Олардың жұмыстары өте қызықты шыққан – темір есіктердің, орындықтардың, суы атқылаған бұрқақтардың шағын үлгілері, фотожақтаулар, металлдан жасалған гүлдер, үй-ішінің бұйымдары және т.б.

Негізгі конкурстық тапсырма практикалық жұмыс болды. Соның барысында сайыскерлер өздерінің шеберлік деңгейлерін көрсетті (жапсарласқан жіктерді, бұрышты жіктерді дәнекерлеу, металлды ерітіп дәнекерлеу және т.б.). «Батыс облыстарының шеберлері, шамасы, дамыған мұнай саласының арқасында болар, дәнекерлеудің заманауи әдістерін, мәселен, аргонды-доғалы дәнекерлеуді меңгеріп үлгеріпті. Ал олардың басқа аймақтардағы әріптестері үшін бұл әзірге тың әдістер», - деп атап өтті қазылар алқасының төрағасы, «Сварка» Атырау аттестациялық орталығының директоры Аманжан САРГУЖИН. Мұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы Жаннат КУКАМБАЕВА да растады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, екінші орынды иеленгеніміз өкінішті-ақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В. Истомин

9 қараша 2011, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.