Атырау, 10 желтоқсан 00:51
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Шариғат бойынша танысу

19 891 просмотра

Атырауда мұсылмандарға арналған алғашқы және әзірге жалғыз неке агенттігі жұмыс істей бастады. Бұл жерде ислам дінін ұстанатын ерлер мен әйелдерге шариғаттың барлық ұстанымдары бойынша өздеріне өмірлік серіктерін табуға көмектеседі.

- Біздің неке агенттігіміздің дерекқорына тек ислам дінін ұстанатын мұсылмандар ғана ене алады, - дейді агенттік директоры Ұлболсын ӨТЕМІСОВА. – Адам үнемі намаз оқып, ораза ұстауы және тура жолда жүруі тиіс. Бізде барлық ақпарат қатаң құпиялылықта сақталады. Біз неке тіркеумен емес, адамдардың бір-бірімен кездесуіне ғана көмектесеміз.

- «Әдеттегі» агенттіктен сіздің агенттіктің ерекшелігі қандай?

- Мәселен, ер адаммен әңгімелесіп, оның қандай серік іздеп жүргенін анықтап, дерекқорымыздан сәйкес келетін қызды іздеп табамыз. Үміткер күйеу жігітке қыздың фотосуретін көрсету үшін одан міндетті түрде рұқсат алуымыз керек. Бір ер адамға болашақ қалыңдық ретінде үш қыздан артық үміткерді ұсынуға болмайды. Фотосуретті ұзақ қарауға, қыздың бет-әлпетіне көзін қадауға жол берілмейді. Ұнаған қызды ер адам кездесуге шақыра алады. Үшеуден артық кездесуге рұқсат жоқ. Кездесудің барлығы кісі көп жерде немесе куәгерлердің қатысуымен өтуі тиіс. Жастарға тойға дейін бір-біріне жақындасуларына болмайды. Осы үш кездесудің ішінде жігіт қызға ұсыныс білдіруі тиіс. Үйленуден бас тартудың болмағаны жақсы, өйткені әуел бастан-ақ адамның дұрыс ниеті болуы керек.

Бүгінде агенттігіміздің дерекқоры көп емес, бірақ уақыт өте келе көбейетіндігіне сенімдімін.

- Түрлі неке агенттіктері, танысу клубтары көпшілігінде жеңгетайлық деген түсінікпен астасып жатады. Сіздердің қызметтеріңізде қандай да болмасын дінге қарама-қайшы келетін тұстар жоқ па?

- Біз оғаш нәрсемен айналысып жүрген жоқпыз. Түсінесіз бе, діндар адамдарға біреулермен танысып, байыпты қарым-қатынас орнату қиын болады. Олар жастар жүретін клубтарға, мейрамханаларға бармайды. Жігіт қыздармен көшеде таныса алмайды. Оның үстіне қыздар ұяң, ұялшақ боп келеді. Біз олардың кездесулеріне қол ұшын береміз, әрі қарай басқасы өз қолдарында.

- Сіздерге кімдер келеді және қандай серік іздейді?

- Бізге түрлі ұлттар мен түрлі мәртебедегі жандар хабарласады. Көбінесе атыраулық жігіттер үміткерлерді аудандар мен басқа қалалардан тауып беруді өтінеді. Бәлкім, қалыңдықты шалғай жерден алса, ол отбасылық өмірде бойұсынғыш, момын боп келеді деп ойлайтын шығар. Соңғы кездері ер адамдар орыс мұсылман қыздарының арасынан қалыңдық тауып беруді өтінетін болған. Әйелдерден күйеулеріне екінші әйел іздеген қоңыраулар да болды.

Тамара Сухомлинова

9 қараша 2011, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.