Атырау, 10 желтоқсан 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Чекті көлікке айырбаста!

2 197 просмотра

1 қарашадан 30 қарашаға дейін өтетін «Чек талап ет - париот бол» деп аталатын облыстық акцияға қатысушы барлық тұтынушылардың автокөлік және басқа да бағалы сыйлықтарға ие болу мүмкіндігі бар.

Акция өзінің облыстық салық департаментінен басқа ұйымдастырушылар тізімімен, яғни, жергілікті атқарушы билік, «Атамекен» одағы, облыстың кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы және «Нұр Отан» партиясы, сондай-ақ, сыйлықтарының көптігімен – автокөліктен басқа, ноутбук, теледидар, тоңазытқыш және басқа да сыйлықтарымен мақтана алатын болар.

«Акция ережесі қиын емес. Чектер анық оқылатын ақпарат беруі тиіс. Акцияның бірінші кезектегі міндеті көлеңкелі экономика зардаптарын азайту болып табылады, сондықтан да акцияға сатып алушылардың шағын дүкендерден алған чектері қатысады, өйткені, көбінде олар кассалық аппараттарды қолданудан қашады, - дейді өндіріс-тік емес төлемақылар және өкілетті органдармен  жұ-мыс басқармасының бастығы Ербол ЖҰМАБЕКОВ. – Ал, тауарлар мен қызмет үшін сауда автоматтарының, төлемақылар қабылдайтын терминалдар мен банкоматтар, сондай-ақ, “Идеал”, “Лидер”, “Атаба” супермаркеттерінің, ірі техникалық және құрылыс дүкендерінің чектері акцияға қатыспайды».

Чектерді «ТВ Бинго» ұлттық лотереясының нүктесіне әкеліп, оларды сол жерде купондарға ауыстырып алады. Купондарды толтырып, жәшікке салу керек. Акцияға қатысу үшін жалпы сомасы 10 мыңнан кем болмайтын кем дегенде 5 купонды ұсыну қажет. Бір қатысушыға купондар саны үшін шектеу қойылмаған. Сіз акция бойынша толық ақпаратты салық департаментіндегі 45-15-65, 45-15-01, 45-15-00, 45-15-12 телефондары арқылы ала аласыз.

Бұдан басқа, осы жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсанға дейін «Чек талап ет - патриот бол» акциясы жалпы білім беретін мектептер арасында да өткізіледі. Оған жас ерекшелігіне қарамастан кез-келген мектеп оқушысы қатыса алады. Ал, бақылау-касса машиналарының чектерін неғұрлым көп жинаған сыныптарға жүлделер тапсырылады. Акция республикалық деңгейде өткізіліп жатқандықтан ол кең ауқымды қамтып отыр. Акцияның өтуіне Атырау облыстық білім беру басқармасы, қалалық, аудандық білім бөлімдері қолдау танытуда. Белсенді қатысушыларды бастапқы іріктеу бақылау-касса машиналарының чектерін не-ғұрлым көп жинаған сыныптарды анықтау арқылы аудандық деңгейде жүргізілетін болады. Оқушылары чектерді неғұрлым көп жинаған сынып анықталады. Екінші кезеңде жеңімпаздар облыс деңгейі бойынша анықталмақ. Акцияның республикалық жеңімпазын анықтаудың үшінші кезеңі Астана қаласында өткізіледі. Бұл кезеңде бақылау-касса машиналары чектерінің санына қарай қатысушылар үш санатқа бөлінеді. Содан кейін жеңімпаздарды (1,2,3-орындар) анықтау үшін қатысушылардың әрбір санаты бойынша лотерея барабаны іске қосылады. Жеңімпаздарға мынадай жүлделер тағайындалып отыр: бірінші орын алған сыныптарға – Астана қаласына экскурсия түріндегі жолдама;

екінші орын алған сыныптарға – компьютерлік техника;

үшінші орын алған сыныптарға – спорттық жабдықтар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қараша 2011, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.