Атырау, 23 қараша 23:33
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

№30 үй тұрғындары терезелерін өз қаржыларына салып жатыр

2 882 просмотра

Өткен аптадағы жарылыстан зардап шеккен Сарыарқа ықшам ауданындағы №30 үй тұрғындары қала мен облыс басшылығы тарапынан  көрсетілетін көмектен күдер үзіп, пәтерлерінің терезелерін өздері сала бастады.

- Жарылыстан соң бізге комиссия келіп, жарылыс толқынының әсерінен біздің подъездің бірінші қабатынан бесінші қабатына дейінгі барлық пәтерлердің зардап шеккендігі туралы актілер толтырды, - дейді пәтері қатты зардап шеккен тұрғындардың бірі. – Біз әкімдік тарапынан көмек болар деп ұзақ күттік. Бірақ күні бүгінге (8 қарашаға) дейін бізге ешкім де келмеді және ешқандай көмек берген жоқ.

Аяз басталған соң адамдар терезелерін өз күштерімен салуға кіріскен. Орташа есеппен алғанда, тұрғындарға жаңа терезе салу үшін 60-тан 100 мың теңгеге дейін  ақша жұмсауға тура келіпті.

Қалалық әкімдіктен пәтерлері жарылыстан жапа шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде ешқандай ақпарат ала алмадық.

Облыстық әкімдік ғимаратының да бірнеше терезесінің әйнектері жарылыс салдарынан сынған болатын. Олар келесі күні-ақ қалпына келтірілді. 

Тамара СУХОМЛИНОВА

9 қараша 2011, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.