Атырау, 26 желтоқсан 16:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Дерекқордан 160 мың адам түсіп қалған

2 296 просмотра

Газеттің өткен санында («АЖ» №44 - «1 қаңтардан  бастап ЖИН-сіз күн жоқ») біз облыстық салық департаменті мен ІІД-нің дерекқорларындағы ЖИН алмаған атыраулықтардың санына қатысты  айтарлықтай  алшақтықтың бар екендігін  жазған болатынбыз. Мақала жарияланғаннан кейін редакцияға салықшылар хабарласты.

ІІД мәліметтері бойынша, бүгінгі күні 12 таңбалы код облыстың шамамен 13 мың тұрғынында болса, ал, Атырау облыстық салық департаментінің мәліметтері бойынша 173 мың адамда бар.

- Ол тұлғалардың барлығында ЖИН болуы мүмкін, алайда, олар аудандық және қалалық салық басқармаларының дерекқорында жоқ. Біздің базамызда мұндай мәліметтердің болмауы салдарынан ол азаматтармен 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін төлемақы, оның ішінде банк операцияларын жүргізу мүмкін болмайды,-дейді облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА. – Біз өз мәліметтерімізді ІІД және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мәліметтерімен салыстыру жөнінде ресми өтініш хат жолдаған едік. Алайда, түрлі себептер бойынша жауап ала алмадық.

Салықшыларға жеке идентификациялық нөмірі жоқ тұрғындарды табу оңай шаруа болмады. Олардың барлығы бірдей дерекқордағы көрсетілген мекен-жайларында тұрмайды. Сондықтан да салықшылар ЖИН алған облыс тұрғындарына газет арқылы олардың жеке куәліктерінің көшірмесімен тұрғылықты мекен-жайларындағы салық органдарына келіп, өздерінің тіркелу мәліметтеріне өзгерістер енгізуін сұрайды. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 қараша 2011, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.