Атырау, 27 қараша 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Лаңкестікке күдікті деген төртеу ұсталды

2 800 просмотра

7 қарашада Бас прокуратураның сайтында Атырау облыстық прокуратурасының төмендегідей хабарламасы пайда болды: «Ағымдағы жылдың 31 қазанында Атырау қаласында болған жарылыс фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу барысында жедел-тергеу тобы 4 адамнан құралған қылмыстық топты анықтап, залалсыздандырды.

Тергеу барысында анықталғандай, аталған топ қолдан істелген жарылғыш құрылғыларды құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қорқыту акциясын жүзеге асыру мақсатында заңсыз дайындаған.

Атап айтқанда, аталған топ Атырау облыстық әкімшілігі мен прокуратурасы ғимараттарының жанында жарылыс жасауды жоспарлаған.

Осы акция барысында жарылғыш техника саласындағы танымының жеткіліксіздігінен және қолдан жасалған жарылғыш қондырғыны дұрыс пайдаланбауы салдарынан қылмыстық топтың бір мүшесі – Б.Сұлтанғалиев оқиға болған жердегі жарылыстан қаза болған.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың қалған мүшелері тұтқындалды және жасаған қылмыстарын мойындап жауап беруде.

Тергеу жалғасуда».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қараша 2011, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.