Атырау, 29 желтоқсан 23:10
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жасөспірімдер жасаған қылмыстар

2 263 просмотра

Бүгінде өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдердің қылмысы 70 пайызға жуық өскен.

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Самат ЧИНЯЕВТЫҢ мәлімдеуінше, осы жылдың сәуір айында Атырау қалалық ішкі істер бөлімінде екі жасөспірім Привокзальный ықшам ауданындағы Баймұханов көшесінің бойындағы аялдамада тұрған азаматшадан күш қолдану арқылы 17 000 теңгенің Нокиа 5130 маркалы ұялы телефонын ашық түрде ұрлағандығы туралы оқиға тіркелді.

Ал қаңтар айында төрт жасөспірім бір-бірімен алдын-ала келісіп «Дина» сауда үйінің ішінде жабық тұрған темір контейнерді тонаған. Контейнер иесінің тартқан залалы -547 400 теңге.

ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «а», «в» тармақтарымен қылмыстық іс қозғалып,  Атырау қалалық сотына жолданды.

Айнұр CАПАРОВА

3 қараша 2011, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.