Атырау, 29 желтоқсан 23:00
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Прокуратура жанкештінің өзін-өзі жарғандығын растайды

2 412 просмотра


31 қазанда сағат 12-де Атырау облыстық прокуратурасының тергеуді қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан ҚҰЛМАНОВТЫҢ қатысуымен брифинг өткізілді.  Ол алғашқы жарылыстың жергілікті уақыт бойынша сағат 9.45-те болғандығын растады. Белгісіз жарылғыш қондырғы облыстық әкімдік жанындағы қоқыс контейнерінде жарылған (сол жақтағы суретте). «Адам өлімі, зардап шегушілер және бүлінулер болған жоқ».

Алайда, сырттан қарағанда әкімдік үйінің көптеген кабинеттерінің терезе әйнектерінің сынғандығы көрініп тұр және бұдан басқа сол жерде көргендердің айтуынша, ғимараттан қанға боялған әйел адамды шығарған. Ол терезе әйнектерінің сынығынан жараланған болуы мүмкін.

«Сағат 9.50-де, -деп жалғастырды сөзін Құлманов, - Сарыарқа мөлтек ауданындағы №30 үйдің маңындағы алаңқайда белгісіз ер адам әлдебір жарылғыш қондырғымен өз-өзін жарып жіберді және сол жерде қаза болды.  Басқа кісі өлімі және зардап шеккендер болған жоқ. Тұрғын үй терезелері ішінара қирады, басқа бүлінулер болған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Жанкештінің жеке басы анақталуда».

Тамара СУХОМЛИНОВА

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қараша 2011, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.