Атырау, 29 желтоқсан 23:23
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Арнайы операция және Атыраудағы түнгі тарсылдар

2 279 просмотра

31 қазанда Атырауда сағат 21.00-де Авангард 4-ықшамауданында «Лидер» дүкенінің маңынан күшті тарсыл дыбысы шықты.

Санаулы минуттарда ауданды құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршап алды. Жақын маңдағы үй тұрғындары №4 үйден барлық тұрғындар шығарылғанын, ал арнайы жасақ сарбаздары аумақты «сүзіп шығуға» кіріскенін растады. Дүрлігіс үйге жарылыс құрылғысы салыныпты-мыс деп хабарланған қоңыраудан туындаған. Біршама уақыт өткеннен кейін үй ішінен бір адамды алып шығып, көлікке отырғызып, алып кетіпті. Ықшамауданнан құқық қорғау органдарының нөмірлері бар көлікке мінген штаттық киім киген адамдар байқалған. Кей көліктерде нөмір белгілері болған да жоқ.

Қазіргі жағдайда облыс прокуратурасы – халыққа және журналистерге қандай да болмасын ресми ақпарат беруге рұқсат етілген бірден-бір орган. Алайда оның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашева кезекті еңбек демалысында екен. Таңертеңгі уақытта орын алған екі жарылыстан соң прокуратураның 2 сағаттан кейін баспасөз конференциясын өткізгені белгілі. Түнде қала прокуроры Халидолла Дәуешевке хабарласқанымызда, ол Авангард 4-ықшамауданында айтарлықтай ештеңе болмағанын, әйтпесе баяғыда сол жерде болатынын, ал қалған ақпараттың барлығын таңертең беруге уәде берді. Сол кезде шамамен сағат 23-те қалада Сәтбаев даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің көлік қиылысынан екінші күшті тарсыл орын алған. Оны өзеннің қарсы бетіндегі тұрғындар да естіпті. Бұған қатысты облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова өзінің жақын маңдағы үйлердің бірінде екенін, бірақ ешқандай тарсылды немесе жарылысты естімегенін, бұл ауданда бәрі тыныш екенін хабарлады.

Лев ГУЗИКОВ

3 қараша 2011, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.