Атырау, 1 желтоқсан 23:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

«Халифат сарбаздары» Атыраудағы жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

3 174 просмотра

Алматы. 1 қараша. Kazakhstan Today – Джунд аль-Халифат немесе «Халифат сарбаздары» деп аталатын лаңкестік топ Атыраудағы жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

 

«Халифат сарбаздары» жарылыс үшін жауапкершілік алатындығы туралы жиһадтық форумдарда, атап  айтқанда, Shumukh al-Islam форумында таратылған мәлімдемеде айтылған деп хабарлайды Long War Journal.

SITE Intelligence Group сайтына орналастырылған мәлім-демеде лаңкестік топ лаңкес-жанкештінің өзін-өзі жарғандығын жоққа шығарып, жарылыстардың «үкіметке ескерту ғана екенін» растаған. 

«Соңғы шабуылдың өзін-өзі жару болғанын жоққа шығарамыз. Бомба аяқ асты жарылып кеткендіктен, оны әкеле жатқан адам қатты азаппен қаза тапты. Біз Алладан оны азап шегушілер қатарына қабылдауын сұраймыз. Бұл екі жарылыстың тек үкіметке ескерту екенін айтқымыз келеді және де біз саналы түрде көп адамдардың өлімі мен жарақатына жол бергеніміз жоқ. Алайда билік енді біздің талабымызға құлақ аспаса, келесі шабуылдарда құрбандық көп болып, қан судай ағады деп Алланың атымен ант етеміз...», - делінген SITE жариялаған аударма мәтінінде.

Мәлімдемеге Jund al Khilafah Brigade жасағына кіретін “Al Zahir Baibars Battalion” тобы қол қойған. Олар өткен аптада осындай мәлімдеме жасаған болатын.

Kazakhstan Today

3 қараша 2011, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.