Атырау, 21 қыркүйек 13:22
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Бруцеллез түсіктің себебіне айналды

1 962 просмотра

Қызылқоға ауданына қарасты Көздіғара ауылының бірнеше  тұрғыны бруцеллезден емделіп жатыр. Осы аурудың салдарынан бір жас әйел жасанды түсік жасатуға мәжбүр болған. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекция бастығының орынбасары Дәурен ҚАБДОЛОВТЫҢ айтуынша, осы отбасынан бруцеллез табылған 8 бас малы анықталған. ҚР «Ветеринария туралы» заңының және нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес, уақытында жойылды. Ал аталған отбасының аула, қоражайлары дезинфекцияланған, - дейді инспектор.

Атырау облысы мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментіне ресми сауал жібергенбіз.Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Теміржан СУҚАШЕВ  облыс бойынша жыл басынан бері бруцеллезбен ауырған 10 адамның, оның ішінде Қызылқоға ауданы бойынша 7 аурудың тіркелгенін хабарлады.

 Айнұр САПАРОВА

3 қараша 2011, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.