Атырау, 10 желтоқсан 00:21
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Алдаймын деп арбалды

2 434 просмотра

Облыс орталығының әлдебір тұрғыны өз таныстарын  ақша ала отырып жұмысқа орналастыруға уәде етеді. Нәтижесінде оның өзі алаяқтығы үшін айыпталушы орындығынан бір-ақ шығады. 

Қала прокурорының көмекшісі Әнуар БОРАШЕВТІҢ айтуынша, осы жылдың көктемінде бір пысық қалалық азамат өзінің бірден сегіз танысына «КТК» АҚ-на түрлі лауазымдарға жұмысқа орналастыруға уәдесін береді. Ол өзінің қызметі үшін 15 мыңнан 30 мыңға дейін ақы алған. Алайда, олардың бірде-біреуі де жұмысқа қабылданбайды. Айтпақшы, оның өзі де бұл мекемеде жұмыс жасамаған.

Барлық алданған азаматтар қалалық ІІБ шағымданған, «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде сот біраз жеңілдету жағдайларын – сотталушының өз кінәсін мойынына алғандығын, оның бұрын сотталмағандығын және келтірілген залалды өтейтіндігін ескеріп, оны шартты түрде бір жыл бас бостандығынан айыру жазасына үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Лев ГУЗИКОВ

3 қараша 2011, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.