Атырау, 29 желтоқсан 23:33
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атырау облысы әкімі Бергей Рысқалиевтің үндеуі

3 730 просмотра

Құрметті жерлестер! Облыста келеңсіз оқиғаның орын алғанына куә болып жатырсыздар. Жағдай бүкпесіз, ашық жарияланды. Халықтан жасыратын ештеңе жоқ. Бар болған оқиға толықтай баяндалды.

Сондықтан осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындарын абыржымауға, қорықпауға, сабыр сақтауға шақырамын. Облыста қобалжуға еш негіз жоқ. Өзін-өзі жарған жанкештіден басқа, адам өлімі болған емес. Айтарлықтай бұзылған, қирап-бүлінген де ештеңе жоқ. Әркім өз орнында қалыпты жағдайда, алаңсыз жұмысын жасап жатыр.

Әрине, бұл бүгін ғана көтеріп отырған мәселе емес. Облыстағы діни ахуалдың нашарлығы туралы 4 жылдан бері әр жиын сайын айтумен келемін. Анығында, бұл маған қойылатын сұрақ емес, органдардың атқаратын тікелей міндеті. Соған қарамастан, барлық деңгейдегі құқық қорғау органдарына, әр мекеме, әр кәсіпорын, ұйымдарға, ұжымдарға, мектептерге дейін ұсыныстар, тапсырмалар беріліп, алдын алу шаралар кешені жасақталып, жалпы халыққа түсіндірудеміз.

Қауіптің алды алынды, осыған дейін лаңкестік әрекет жасауға қатысы бар деген 40 шақты адам қамауда отыр. Кеше өзін-өзі жарған азамат солардың сыбайласы. Осы арқылы халықты қорқытып-үркітпекші болған. Бірақ бұл әрекет тұрғындарға керісінше әсер етіп, осындай жат ағымдарға деген ашу ызаны тудырып отыр.

Бүгін қабылдауымда депутаттар, кәсіпорын-мекеме басшылары болып, осы жолдағы күреске жан-жақты қолдау көрсететіндіктерін айтып, осы бағытта халықтан көптеген хаттар түсуде. Бәрі осындай зұлымдыққа қарсы, оның түпкілікті жойылуын қалайды.

...Қалада 250 бейне камера жұмыс жасап, олардың нақты нәтижесін көріп жатырмыз. Енді қаланың әлеуметтік маңызды объектілері: мектеп, балабақша, аурухана, емхана, мәдениет-спорт нысандары, көпірлер мен көшелер, тағы басқа ғимараттарға 600-дей камера орнатылады. Сонымен қатар көпшілік жиналатын базар, вокзал, сауда орындары, басқа да шаруашылық объектілеріне, жеке құрылымдарға бейне камера сатып алып, жедел басқару орталығына қосылу міндеті тұр. Жаңа арнайы жиналыс өткіздім, жыл аяғына дейін қаланы бейнекамералармен толықтай қамтамасыз етіп болуымыз тиіс.

...Ең бастысы, мекеме, ұйым, кәсіпорын басшыларына, жалпы облыс тұрғындарына айтарым: қобалжып-қорқатын, алаңдайтын ештеңе жоқ. Қазір органдар қауіпсіздік шараларын алып, жұмыс жасап жатыр. Бұл шаралар тек бүгін ғана емес, 3-4 айдан бері жалғасуда.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде орны толмас үлкен оқиғаларға жол берілген жоқ. Қазір жағдай толық бақылауда.

Теріс діни ағымдармен күресті құқық қорғау органдары аяғына дейін жеткізеді.

Үндеу «Қазақстан-Атырау» арнасынан қарашаның 1 күні  хабарланды

3 қараша 2011, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.