Атырау, 23 қараша 14:20
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қысқа қайырғанда

1 559 просмотра

Сот 16-шы қаңтарға қараған түні тергеу изоляторынан қашып кеткен айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Қала прокурорының көмекшісі Лаура Асанованың айтуынша, түрмеден қашқаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұған дейінгі жасаған қылмысы үшін алған мерзімі есебімен В.Зарщиковке ерекше режимдегі колонияда 19 жылға, Р.Қойлыбековке 7 жыл, Д.Бакировке қатаң режімдегі колонияда 9 жылға  бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалды. Үкім заңды күшіне ене қойған жоқ.

 

Жыл басынан бері табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаменті 58 монополистті, нарықтағы 16 ірі кәсіпорынды және жүзден аса лицензиянттарды тексерді. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің заңдылықтың сақталуын тексеру бөлімінің бастығы А.Ермұратованың айтуынша, тексеру нәтижесін «Байшонас жылу» ЖШС-не  (Мақат ауданы) өткен жылу маусымында сыртқы ауа температурасының іс жүзіндегі есебімен тұтынушыларға берілетін жылу құнын қайта есептеу жөнінде ұйғарым жолданды. Осыған ұқсас тағы бір ұйғарым «Есенаманов» ЖК (Құрманғазы ауданы) жолданды. Ұйғарымдар көрсетілген мерзімдері бойынша орындалды. Сондай-ақ, аталмыш департамент ұйғарымдары бойынша монополистерге қатысты 27 әкімшілік іс қозғалды. Соған сәйкес жалпы сомасы 5,7 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. 

27 қазан 2011, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.