Атырау, 27 қараша 11:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алдымен 15 тәулікке қамалады

1 975 просмотра

Жыл басынан бері Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сату мақсатынсыз есірткі заттарын заңсыз дайындау, сатып алу және сақтауға қатысты 19 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Мәселен, 2011 жылдың көктемінде күндіз УГ-157/1 мекемесінде азамат М. ұсталған. Оны тінту кезінде ірі мөлшерде марихуана табылған. Сот отырысында М. өзінің кінәсін толықтай мойындап, бұл затты тауып алғанын, қызығушылық танытып, сақтап қойғанын, бірақ оны сатуды ойластырмағанын түсіндірді. Сот қаулысымен М. марихуананы заңсыз сақтағандығы үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. «Сату мақсатынсыз есірткі заттарының және прекурсорлардың (есірткі ретінде пайдалануға болатын дәрі-дәрмектер) заңсыз айналымы саласында құқық бұзғаны үшін алынатын әкімшілік жаза анағұрлым ауыр және қылмыстық жазаланатын қылмысты болдырмаудың бір әдісі боп табылады», - дейді қала прокурорының көмекшісі Әсел АРТЫҚБАЕВА. Әкімшілік жаза шаралары қоғамға қауіп туғызбайтын алғаш рет құқық бұзып отырған тұлғаларға қолданылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

27 қазан 2011, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.