Атырау, 23 қараша 23:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнайшылар шатырсыз қалды

2 194 просмотра

Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы  Мұнайшы көшесіндегі  үш қабатты үй  тұрғындары  қысты шатырсыз  қарсы аламыз ба деп алаңдайды.

Бұл үйде 14 отбасы тұрады. Олардың барлығы дерлік мұнайшылар жанұясы екен. Өткен сәуірде соққан алапат жел үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Алайда жергілікті билік алты ай бойына құлаған шатырды қалпына келтіруге асыға қоймаған.  Тіпті жөндеу жұмыстарын мұнайшылар жұмыс істейтін МГӨБ «Жайықмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» ӨФ сілтеген екен, ал олар ақша жоқ деп алақан жаяды.

- Шатыр құлағалы жарты жыл өтті. Жауын жауса  үйімізден су сорғалайды. Мүлкімізді  целофандар жауып қорғаған боламыз. Жазды күндері күн жылылығы салдарынан білінбей келсе, қысты күндері не істемекпіз?-дейді тұрғындар атынан хабарласқан Қ.Өтепқалиев есімді азамат.

Тұрғындардың айтуынша, бұл  үй жекешелендірілген 2007 жылға дейін «Жайықмұнайгаз» МГӨБ балансында болған. Кейін жекешеленген соң ПИК құрылмағандықтан иесіз қалған.

Су сорғалаған үйдің жағдайын әкімдер көздерімен көріп жөндеуге көмектесеміз дегенмен нәтиже жоқ көрінеді. Ал үйдің шатырын жөндеу үшін 700 мың теңге қаражат керек.

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Тұрарбек Сұлтанбеков жағдайдан хабардар екенін аңғартты. Дауыл жұлып кеткен шатыр төтенше жағдайға жатпайды деп санайды  әкім орынбасары.

-Дегенмен ауданның төтенше жағдайларға арналған резервінен 350 мың теңге  бөлдік. Тұрғындар 50 мыңдай қаражатты өздері жинады. «Ембімұнайгаз» ӨФ көмектесеміз деп ақыры ештеңе жасаған жоқ. Енді «Жайықмұнай» МГӨБ кәсіподақтар  ақшасынан 100 мың беріп отыр. Осы ақшалармен мердігер жеке кәсіпкер Е.Гумаров шатырды қалпына келтіреді,-деп уәде берді Т.Сұлтанбеков.

Сәния ТОЙКЕН

26 қазан 2011, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.