Атырау, 27 қараша 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Үй шаруасынан – үлкен бизнеске

2 221 просмотра

Құрманғазы ауданында тұратын Сағидолла Ғалидуллин өз ісін ашып, мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Әрбір ауыл тұрғыны секілді мал ұстап, оны баға біледі. Бірақ үйреншікті шаруасын табысты іске айналдыру үшін білім жетіспейді. Ол облыстағы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының ғимаратында таяу күндері ашылған  жаңадан үйренуші кәсіпкерлерге арналған курстарға сол үшін келіпті.

 

Курстар «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламалары аясында өткізіледі. Жұмыссыздар арасынан қатысушыларды іріктеумен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы айналысты. Олардың ішінде қала тұрғындары да бар, бірақ негізгі бағыт өз ісін ашуды немесе кеңейтуді мақсат еткен ауыл тұрғындарына арналған. «Оқу біткеннен кейін ауыл тұрғындарының 5 жылға дейінгі мерзімге 3 млн. теңгеге дейін әр ауданда ашылатын «Несиелік серіктестік» арқылы несие алуға мүмкіндігі болады. Сондықтан тыңдармандарға оқу барысында бизнес-жобаларды, салық есептемелерін, заңды құжаттарды қалай алуға кеңес бердік», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА. – Бұдан басқа, олар «Тұран-Профи» сервистік қызметтер мен кәсіпкерлікті дамыту орталығынан тегін кеңес ала алады. Оларға жолақы мен оқу кезіндегі тұру шығындары төленеді».   

212 тыңдарманды «Астана Тіл Академиясы» ЖШС оқытады. «Астана Тіл Академиясы» компаниясының корпоративтік оқыту жөніндегі менеджері Зарина ҚАСЫМОВАНЫҢ айтуынша, алдымен мамандар экономика мен кәсіпкерлік тұрғысындағы тыңдармандардың білім деңгейін және сұрақтарын анықтау үшін сауалнама жүргізді. Ең өзекті мәселе несие алу боп шықты. Екінші орында салық есептілігін дайындау мен тапсыру, жер мәселелері орын алды. «Біз курстарда практикалық сабақтар көп болсын деп оқытушыларды таңдау кезінде экономистерді, бухгалтерлерді, заңгерлерді шақырдық», - дейді облыстағы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА. Болашақ бизнесмендерді 5 топқа бөлді. Сабақ екі ауысым бойынша өткізіледі. Экономика ғылымдарының докторы Қансұлу Өтепқалиева, экономика ғылымдарының кандидаты Эльмира Әділетова, заңгер Айнагүл Дәулетбаева және тәжірибелі бухгалтер Сағима Омаровалар дәріс береді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қазан 2011, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.