Атырау, 23 қараша 12:45
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Енді пойызбен жарысамыз

3 591 просмотра

18 қазанда Сырым Датов көшесіндегі, теміржол бөлімшесі маңындағы виадук (теміржол арқылы өтетін жер үсті көпірі) күрделі жөндеуге жабылды.

Бұл жаңалық сол маңдағы Химпоселоктұрғындарын қуанта қойған жоқ, өйткені, бұл өткел олар үшін өте маңызды қатынас жолы. Көкшетау, Қызылорда және Бұқтырма көшелері тұрғындарының айтуынша, бұл көпір арқылы олар қалаға тікелей шығады екен. Оларға Химпоселкедегі автобус аялдамасына жету өте алыс. Ал, күзде балшықтың салдарынан тіптен қиындайтын көрінеді.

Енді батылдар ғана емес басқа да жұрт тікелей рельстер арқылы жүретін болады. Ал, бұл жол қатынасы тіпті, қауіпті. Өйткені, бұл жерде оннан аса теміржол тармақтары өтеді және пойыздардың қозғалысы күндізде, түнде де толастамайды.

Жұмыстың мердігері «МСО-Ферро» ЖШС (тапсырысшы-  «Қазақстантемiржолы» АҚ) сол көпірден жүздеген метр қашықтықта вагон депосына қарай сондай өткелдің бар екендігін хабарлады. Нысанды тапсыру 30 желтоқсанға жоспарланып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

20 қазан 2011, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.