Алматы. 27 шілде. ҚазТАГ – Түркия Сирияға әскер кіргізбейтін болды, деп хабарлады елдің премьер-министрі Ахмет Давутоғлу.
«Түрік билігі Сирияның аумағына құрлықтағы әскерін кіргізу туралы мәселені қарамауда. Премьер АҚШ-мен бірге Анкараның «Ислам мемлекетіне» қарсы әуеден күрес жүргізіп жатқан көтерілісшілерді қолдауды жалғастыратынын баса айтты», - деген А. Давутоғлудың дәйексөздерін келтіреді ТАСС дүйсенбіде.
Еске сала кетейік, өткен аптада Түркия Сириядағы содырлар мен Ирактағы күрд содырлардың позицияларына әуе соққыларын жасауды бастаған болатын.
24 шілде күні түрік армиясы «ИМ»-ға қарсы операцияның қорытындысын шығарды. Оның барысында F16 ұшақтары шам шекарасын кеспей-ақ, бірнеше зымыран шығарған, олар, әскерилер сендіріп отырғандай, сириялық шекаралас Хавар ауылынан алыс емес жердегі нысанаға дөп тиген. Олардың ішінде содырлардың басшылық орталықтары мен жиналу орындары болып шықты. Түрік әскерилерінің операциясы 13 минутқа жалғасты. Белгілі болғандай, операция исламшылдармен теке-тіресте жақында ғана қаза тапқан офицер Ялчин Наненің құрметіне аталған.
Дереккөз: ҚазТАГ