Атырау, 13 қазан 06:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жарылғыш заттар да бақылауға алынды

3 980 просмотра

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте жарылғыш заттарды сақтайтын қоймалардың барлығының бірдей бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылмағандығы туралы айтылды.

Геология, мұнай-газ өндіруші өнеркәсіптерді бақылау  жөніндегі бөлім бастығы Герман СОБОЛЕВТІҢ айтуынша, облыс аумағында жарылғыш материалдармен жұмыс жасаумен айналысатын 11 кәсіпорын бар. Олардың қатарында «КазРосГеофизика», «Атыраугеоконтроль» ЖШС,  «Казпромгеофизика» АҚ,  НПФ «ДАҢК» ЖШС және басқалары бар. 

Биылғы жылы жарылғыш заттар қолданылатын 21 кәсіпорындағы 22 нысан тексерілді. Қауіпсіздік нормаларын бұзған 39 факті анықталды. Мәселен, ЖШС-тердің бірінің қоймасынан шілде айында 40 тоннадай жарамдылық мерзімі біткен жарылғыш заттар табылды. Бүгінгі күні қауіпті жүктің қожайындары ол заттарды облыстан тысқары жерге шығарып үлгерді. Жарылғыш заттармен байланысты бақытсыз жағдайлар мен тонау фактілері тіркелген жоқ. Алайда, жарылғыш заттар сақталатын қоймалардың барлығы бірдей қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелерімен, оның ішінде бейнебақылау қондырғыларымен жарақтандырылмаған. Осы фирмалардың өкілдері осы жылдың аяғына дейін бейне камераларды орнатуға уәде етті.

Лев ГУЗИКОВ

20 қазан 2011, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.