Атырау, 27 желтоқсан 04:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Медиаторлар саны көбеюде

2 326 просмотра

Атырау облысына медиаторлар легі ағылды. Медиация туралы заң  күшіне ене бастаған тұста, тамыз айында бізде бар болғаны лицензиясы бар бір ғана «ымыраластырушы» болатын, бүгінде олардың саны үшеу болды. Және бұдан басқа тағы да алты адам арнайы оқуларын бітірген соң лицензияларын алуға дайындалуда.

Республикалық қоғамдық «Медиация және бітімгершілік бірыңғай орталығы» бірлестігінің облыстық филиалының тіркелгеніне көп уақыт бола қойған жоқ, сондықтан да ол әзірге өзінің клиенттерінің көптігімен мақтана алмайды. «Біздің болашағымыз алда, -деп есептейді медиатор Марина МҰХТАРОВА. – Біз судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отырмыз және қарсылас тараптардың даулы мәселелерін шешуде ымыраға келуге көмектесеміз. Сондықтан да, біз болашақта біздің жұмысымыздың үлкен рөл атқаратындығына сенімдіміз. Медиация туралы заң дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс жағдайларда шешуді қарастырады. Сондай-ақ, сот процесінің кез-келген кезеңінде шеше береді. Біз шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстық істерді талқылауға да қатыса аламыз. Ал, мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылыққа қатысты істерге қатысуға құқығымыз жоқ». Айтпақшы, жаңа заң судьялар мен прокурорлардың қызығушылығын тудырды, өйткені, жаңа заң қабылданғанда Азаматтық және Қылмыстық кодекстерге де өзгерістер енгізілген еді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 қазан 2011, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.