Атырау, 23 қараша 12:29
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қысқа қайырғанда

1 689 просмотра

Өзінің 18-ші туған күніне орай «Қазпошта» АҚ пошташылардың облыстық спартакиадасын өткізді.Спартакиадаға барлық жеті аудандағы пошта байланысы желіле-рінің, облыстық филиалдың басқарма аппаратының командалары мен облыстық арнайы байланыс қызметінің командалары қатысты. Жеңімпаздар «Қазпошта» АҚ Атырау филиалының мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

 

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 95 жыл толу құрметіне арналған байқау өтті. Байқаудың басты қатысушылары Махамбет ауданының оқушылары болды. Олар өздерін мәнерлеп оқу мен ән айтудан көрсете білді.

 

Қала прокурорының  орынбасары Айбек Трумовтың мәліметтері бойынша, 9 айға арналған прокурорлық әрекет ету шаралары бойынша 1,8 млрд. теңге сома өндіріліп алынды.Оның 801 миллионы мемлекет кірісі болса, 53 миллионы төленген еңбекақы. Заңды күшіне енген сот актілерін орындаудан жалтарған 4 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Прокуратура «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның бұзылуын Мақат ауданының әкімдігінен анықтады. Аудандық прокурордың міндетін атқарушы Е.Ақылбековтің айтуынша, байқау комиссиясы байқауға қатысқан 6 жеткізуші мекемелердің өтінішін талаптарға сәйкес емес деп танып, негізсіз қабылдамаған. Нәтижесінде аудан әкімі  аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісіне қызметтік міндетін толық атқармаған деген ескерту берілді. 

20 қазан 2011, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.