Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасының өкімімен 90-шы жылдардың аяғынан бері Атырау облысы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаментті басқарып келген ДОСМҰХАМБЕТОВА Балжан Ибатқызы аталмыш агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент директоры болып Жанайым Бекболатқызы КЕЛБАТЫРОВА тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті бастығының орынбасары міндетін атқарып келді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ